
27 сәуір 2026
2026 жылғы 19 сәуірде Алматыда елдегі ең ірі жүгіру шараларының бірі - тоғызыншы Almaty Half Marathon өтті. Бұл іс-шараға Astana Motors компаниялар тобына кіретін Changan Kazakhstan демеуші болды. Биылғы марафон 10 000-нан астам қатысушыны - әуесқой жүгірушілерді, кәсіби спортшыларды және белсенді өмір салтын таңдайтын жандарды біріктірді. Changan Kazakhstan жыл сайын салауатты өмір салтын және циклдік спорт түрлерін дамытуды қолдап, ірі спорттық бастамалардың бір бөлігі болып келеді, сондай-ақ қозғалыс пен прогресс құндылықтарын бөліседі.












